Қытай АҚШ-тың бірнеше компаниясына санкция енгізді

60
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pk3nHFophyHHznjPQ8iQFwiEIwfg59Oa24wIr8YR.webp

Қытай Тайваньға қару-жарақ сатқаны үшін АҚШ-тың 10 азаматы мен 20 қорғаныс компаниясына санкция енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Бейжіңдегі сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қытай тарапының мәлімдеуінше, санкциялар «Қытайдың егемендігі мен территориялық тұтастығын әлсірететін» қару жеткізілімдеріне байланысты қабылданған және дереу күшіне енеді.

Санкциялық тізімге Northrop Grumman әскери-құрылыс корпорациясы мен Boeing компаниясының Сент-Луис филиалы, сондай-ақ осы ұйымдардың жоғары басшылығы кірді.

Еске сала кетейік, желтоқсан айының ортасында АҚШ әкімшілігі Тайваньға 11,1 миллиард доллар көлемінде ең ірі қару-жарақ пакетін сатуын мақұлдаған еді. 

相关新闻

评论
相关新闻
其他材料