ММА спорты. Қазақстандық актер қарсыласын алғашқы минутта нокаутқа түсірді

61
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/y6yy9CXz3ykItxWQTR4IBPk19RwkgKF4zz5Rdps3.webp

ММА жұлдызы әрі актер Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өткен жекпе-жекте өзбекстандық Тимур Никулинді жеңді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Айқас небәрі алғашқы минуттарда аяқталып, қазақстандық спортшы қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл – Еркебұлан Тоқтардың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі. Ол екі кездесуін де мерзімінен бұрын аяқтап отыр.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар 2025 жылы OCTAGON лигасында сәтті өнер көрсетіп келеді. Ақпан айында тәжікстандық Камариддин Хасановты (Камил Карате) төртінші раундта нокаутқа түсіріп, ұйымның BMF белбеуін жеңіп алған болатын.

评论