Blue Origin алғаш рет мүгедек адамды ғарышқа жіберді

129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4zDEC891wLRSjMwpYDn0XzBf2z2xV1HCLXJrE7Mj.webp

20 желтоқсан күні аяқ сал ауруына шалдыққан инженер әйел тағы бес жолаушымен бірге Blue Origin зымыранына мініп, 10 минуттық ғарыш сапарын жасады. Ұшу барысында зымыран Жер бетінен 65 миль биіктікке көтерілді. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Қонғаннан кейін Михаэла Бентхаус бұл сапарды «өміріндегі ең керемет тәжірибе» деп атады.

Жеті жыл бұрын тау велосипедімен жүрген кезде болған апат салдарынан Бентхаус жұлын жарақатын алған. Алайда бұл жағдай оның ғарышқа ұшу туралы көптен бергі арманын жүзеге асыруына кедергі болмаған.

«Маған тек ашылған көрініс пен микрогравитация ғана емес, зымыранның көтерілу үдерісінің өзі де қатты ұнады. Ұшудың әрбір кезеңі ерекше әсер сыйлады», — деді ол Blue Origin жариялаған видеода.

Михаэла Бентхаус Еуропалық ғарыш агенттігінде аэроғарыш және мехатрондық жүйелер инженері болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, апаттан кейін «мүгедектігі бар адамдар үшін әлемнің әлі де қаншалықты қолжетімсіз екенін шын мәнінде түсінген».

«Ғарышқа ұшу мен үшін шынайы мүмкіндік болады деп ешқашан ойламадым. Өйткені, тіпті дені сау адамдар үшін де бәсекелестік өте жоғары», — деді ол ұшар алдында Associated Press агенттігіне берген сұхбатында.

Астронавт болу арманын жүзеге асыру мүмкін бе екенін білу үшін Бентхаус SpaceX компаниясының бұрынғы ғарыш инженері Ханс Кёнигсманнға жүгінген.

«Мен Ханспен алғаш рет онлайн таныстым. Оған жай ғана: “Сіз SpaceX-те ұзақ жылдар жұмыс істедіңіз, сіздің ойыңызша, мен сияқты адамдар астронавт бола ала ма?” деп сұрадым», деді ол.

评论
其他材料