Гуанчжоу – Алматы рейсінде бір жолаушы қайтыс болды

399
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OJ1Yc77X1fRLN875yJxUobNkBFptnv6OJBrWUsT6.jpg

Гуанчжоу – Алматы рейсінде жолаушы қайтыс болды. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы жағдай 11 желтоқсанда болған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушы көз жұмған еді.

评论