ТЖМ құтқарушылары 53 адамды эвакуациялады

298
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7naRN7K0EQObprZ3bEUhYrHYbesk0TtT53UIebaO.jpg

Бүгін, 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар автожолының 950-шақырымында 53 жолаушы күрделі жағдайға тап болды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қозғалыстың шектелуіне байланысты 15 адам Белқопа ауылы бағытына жаяу аттанған.

«Шымкент–Мәскеу» бағытында жүріп келе жатқан автобустың 38 жолаушысы эвакуацияланып, жақын елді мекендегі жылыту пунктеріне жеткізілді. Олардың арасында 11 Өзбекстан азаматы бар. Шетелдіктер  медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ»,-делінген хабарламада.

ТЖМ алыс жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, төтенше қызметтердің ұсынымдарын сақтау қажеттігін еске салды.

评论