Қызметтік үйден өрт шығып, шекарашы мен баласы қаза тапты

721
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DuIuNo1uauv2yWewjSRWRqe8ExIbAi5nu1ZYMf1M.jpg

Алматы облысында орналасқан “Нарынқол” шекара бөлімше аумағында өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Салдарынан әскери қызметкер мен оның баласы көз жұмды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 6 желтоқсанда болған. Қызметтік үйден шыққан өртті Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары толық сөндірген.

«Апат салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген ресми хабарламада.

Шекара қызметі қаза болғандардың туыстарына қайғыра көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

评论