Mortal Kombat жұлдызы Кэри-Хироюки Тагава қайтыс болды

100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/a29oP8F47VvekYtcEsC28oJTvFhUcmtAojThBEuS.jpg

Mortal Kombat фильміндегі Шанг Цунг рөлімен танымал болған актер Кэри-Хироюки Тагава 75 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна".

Ол инсульттан кейінгі асқынулар салдарынан, отбасымен бірге болған кезде көз жұмған.

Кэри-Хироюки Тагава алғаш рет кең танымалдылыққа Бернардо Бертолуччидің «Соңғы император» фильмінен кейін ие болды. Картина «Оскардың» «Үздік фильм» номинациясында жеңіске жеткен.

Кейін ол Mortal Kombat франшизасындағы басты антагонист Шан Цзун рөлін орындап, бүкіл әлемге танылды.

Сонымен қатар актер «Гейшаның естеліктері», «Жоғары сарайдағы адам» сияқты фильмдер мен сериалдарда ойнаған

Актер Қазақстанға бірнеше рет келген. Ол мәдени шараларға қонақ ретінде қатысып, сұхбат беріп, жанкүйерлерімен кездескен. Сапарларының бірінде актер Қазақстан халқымен ерекше байланыс сезінетінін айтып, тіпті азаматтық алуды жоспарлап жүргенін мәлімдеген еді.

评论
其他材料