Қытайда жол реттеушілердің орнын роботтар алмастырмақ

82
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UIDGwKMp6ApRfS0HUw0yYgmwMFgGHE8taPsx4UwH.webp

 

 

Қытайда жол қозғалысын реттеушілердің орнын жасанды интеллект негізіндегі роботтар басуы мүмкін. Бұл туралы CGTN жазды, деп хабарлайды "Адырна". 

Жаңа технологиялық құрылғылар өздігінен көлік ағынын басқаруға және мопед жүргізушілеріне ереже бұзғаны үшін ескерту жасауға қабілетті. Роботтар, сондай-ақ, бағдаршам істен шыққан көшелерде уақытша реттеуші ретінде қызмет атқара алады.

Мамантардың айтуынша, бұл офицерлердің жұмысын жеңілдетіп, оларды маңызды тапсырмаларға бағыттауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта робот-реттеушілер Ханчжоу мен Шанхайда сынақтан өтіп жатыр. Болашақта оларды басқа қалаларда да қолдану мәселесі қарастырылуда.

 

评论
其他材料