Түнде жылқыға соғылған көліктен тағы 2 адам қаза тапты

589
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uLV2HFnCgE4MhFG2gKmjxHrVwtN1kqyPZYYTuGW0.webp

1 желтоқсанда Атырау - Орал тас жолының 29-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі жолға шыққан жылқыны қағып, артынша қарсы бағытта келе жатқан MAN TGX жүк көлігімен соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан 1987 жылы туған жүргізуші мен 1990 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті материалдар жиналып жатыр»,- делінген хабарламада.

Бұдан алдын «Павлодар-Қызылорда» автожолында Тойота маркалы көлік жол үстінде тұрған жылқыға соғылып, сонда да екі жолаушы қаза тапқан еді.

ТҮНГІ ЖОЛДА ЖЫЛҚЫ КӨРСЕҢІЗ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Тәртіп сақшылары мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, көлік құралының техникалық жағдайын үнемі бақылау маңызды екенін еске салады. Тәжірибелі жүргізушілер мұндай жағдайларда көлік шамының жарығын азайтып, жануарды үркітпеуге тырысады. Алайда мұндай әрекеттің салдарын білмейтін кей жүргізушілер, керісінше, жарықты өшіріп-жанып немесе күшейтіп, жануарды одан әрі үркітіп жібереді. Көзі жарыққа шағылысқан жылқы бағытынан жаңылып, жарыққа қарай ұмтылып, соқтығысуы мүмкін.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол-патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге жануарлармен жолда кездескен кездегі қауіпсіз әрекет алгоритмдерін түсіндіруі және үнемі ескерту жұмыстарын жүргізуі маңызды.

评论
其他材料