Журналист Гүлнар Бажкенова үйқамаққа алынды

393
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cUv9ACoNJxJscNCfgFX7TjfsoP9DTCnKynWRAFxN.jpg

«Орда» басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты екі ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БАҚ беттерінде оның адвокаты Мұрат Адамның осылай мәлімдегені туралы ақпарат тарады.

«Тергеу сотының қаулысына сәйкес, Гүлнара Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды», – делінген.

Бұған дейін Бажкеноваға қатысты көрінеу жалған ақпарат таратты деген бап бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болған еді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

评论