Рим папасы Палестина мемлекетін құру керектігін айтты

545
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nQBbFjmBR4GzwS6ZI0nduyD6TTALrhZP8Nd5DRC3.jpg

Рим папасы XIV Лев Палестина мемлекетін құруға шақырды. Бұл туралы ол 30 қарашада Түркиядан Ливанға ұшып бара жатқан кезде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Рим папасының пікірінше, бұл – ұзақ жылға созылған Палестина-Израиль қақтығысының жалғыз шешімі.

«Бәріміз білеміз, қазіргі уақытта Израиль бұл шешімді қабылдай қойған жоқ. Десе, де біз оны жалғыз дұрыс жол деп санаймыз. Біз Израильмен де достық қарым-қатынастамыз және екі тарапты әділ шешімге жақындастыруға көмектесетін делдал болуға талпынып келеміз»,- деді ол.

Еске салайық, 27 қарашада Рим папасы XIV Лев діни қызметтегі алғашқы сапарын Түркиядан бастаған еді.

评论
其他材料