"Сәбилерді елден алып кетпек болған" шетелдіктер ұсталды

728
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qrh6JsGPVQCnpWFvujpZI65UqbLj3CBPfwBv2Oxs.jpg

Алматы әуежайында "жаңа туған сәбилерді Қазақстаннан әкетуге тырысқан" шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 11 қараша күні болған. Қытайдан келген екі отбасы Қазақстаннан суррогат аналар босанған нәрестелерді алып кетіп бара жатқан кезде ұсталған. Олардың қолында балалардың құжаты болғанымен, шекарадан өтуге рұқсат берілмеген.

Алматы полиция департаменті шетелдік азаматтардың ұсталғанын растады.

Аталған дерек бойынша «Кәмелетке толмаған балаларды саудалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.

评论