Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласына барды. Бұл туралы 26 қарашада Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Президентті Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымәлиев қарсы алды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.