Чехияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 42 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Rzeczpospolita газетіне сілтеме жасап.
Оқиға 20 қараша күні Прага қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 150 шақырым жерде, Ческе-Будеевице маңында болған.
Жедел қызмет өкілі Петр Кафков екі адамның жағдайы ауыр екенін, ал қалғандарының жеңіл жарақат алғанын мәлімдеді.
«Құтқарушылар жарақат алғандардың жағдайын бағалап, қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр»,-деді ол.
Қазіргі уақытта теміржол желісінде қозғалыс тоқтатылған. Қақтығыстың себебі әзірге анықталған жоқ.