Түркияның өрт сөндіру ұшағы Хорватияда апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

399
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/O4zCiJPKhwKCbljuUMKPPkqSgkIPUiiWjocV5pce.webp

Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы бас басқармасына тиесілі өртке қарсы ұшақ Хорватия аумағында апатқа ұшырады. Бұл туралы Report жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Министр Ибрагим Юмаклының айтуынша, радардан жоғалған ұшақтың сынықтары Сень қаласының маңынан табылған. Апат салдарынан әуе кемесінің ұшқышы қаза тапқан.

Бұған дейін министрлік ұшақпен байланыс үзілгенін хабарлаған еді. Ресми мәліметке сәйкес, AT802 маркалы екі өртке қарсы ұшақ техникалық қызмет көрсету үшін 12 қараша күні таңертең Чанаккаледен Хорватияның Загреб қаласына ұшқан. Алайда қолайсыз ауа райына байланысты олар Риека әуежайына қонуға мәжбүр болған.

13 қараша күні сағат 17:38-де (Түркия уақытымен) қос ұшақ тағы да Загребке қарай әуеге көтерілгенімен, қайта нашарлаған ауа райы салдарынан кері оралуға шешім қабылдаған. Ұшақтардың бірі Риекаға аман-есен қонған, ал екіншісімен 18:25-те байланыс толық жоғалған.

Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі Хорватия билігімен бірлесіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастағанын мәлімдеген еді. Кейіннен ұшақтың құлағаны және пилоттың қаза тапқаны ресми түрде расталды.

Бекарыс Жандаулет

评论
其他材料