Қазақстанның бір қаласы әлемдік туристік бағыттар тізімінде үздіктер қатарына енді

868
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TSSqptAOzCHc1jkQW1yCHgFVZ18WCEBlDIPAL4UP.jpg

Алматы қаласы CNN халықаралық телеарнасы ұсынған үздік туристік бағыттар тізіміне енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сондай-ақ мегаполис Booking.com платформасының 2025 жылғы трендті бағыттар рейтингіне кірген.

Қаланың туризм департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы жартысында Алматыға келген туристер саны айтарлықтай артқан.

“Екінші тоқсанда қалаға 1,1 миллионнан астам адам келген. Оның ішінде 323,5 мыңы – шетелдік туристер, ал 816,5 мыңы – қазақстандық саяхатшылар. Шетелдік нарықтар арасында көшбасшылар – Үндістан (56,2 мың) және Қытай (54,1 мың, өткен жылмен салыстырғанда +33,4%). Сонымен қатар Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ, БАӘ және Германия елдерінен де туристер көптеп келген”, – делінген хабарламада.

Туризм басқармасының хабарлауынша, халықаралық туристер легінің артуына әуе қатынастарының кеңеюі мен жаңа бағыттардың ашылуы оң әсер еткен.

评论