Президент Алжир басшысына жеделхат жолдады

567
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/swhUNlaOPKVRGqJ8KDfnJVUxYz3RUEZxCuNN6f98.webp

Президент Әбделмәжид Теббун мен Алжир халқын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Президент елді Революция күнімен құттықтады.

«Біз еліңізді араб әлеміндегі және Солтүстік Африкадағы сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне кәміл сенемін», – делінген Президенттің құттықтау жеделхатында.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановты Татарстан Республикасының Раисы болып қайта сайлануымен құттықтаған еді. Президент Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, сондай-ақ еліміз бен Татарстан өңірлерінің өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

评论
其他材料