Әлем бойынша. Алматы ауасы лас қалалар арасында төртінші орында тұр

1234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6YVHPSplHdHkRoOVH2AdgpWU9zD4FqwBSFhnV1SQ.webp

Қазақстанның ең ірі мегаполисі Алматы ауаның сапасы бойынша әлемдегі ең ластанған қалалардың қатарынан табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
IQAir деректеріне сәйкес, 28 қазан күні Алматы төртінші орында тұр.

Қаладағы ауа сапасының индексі (AQI) 174-ке жетіп, бұл көрсеткіш денсаулыққа зиянды деңгей саналады, әсіресе сезімтал топтар үшін қауіпті. Алматыдан жоғары орындарды Лахор, Бейжің және Дели иеленген.

Бірінші ондыққа Дакка, Ташкент, Дубай, Батам және Ұлан-Батыр қаласы енген. Ал 30 ең лас қаланың ішінде Азиядан тыс орналасқан жалғыз қала – Перу астанасы Лима.

Бұған дейін сарапшылар Алматыдағы ауаның ластануына ең көп әсер ететін фактор ретінде көліктерді атаған еді.

评论
其他材料