Жүктілік жағдайына қарамастан, магистрант грант ақшасын өтеуге міндеттелді

1247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/student--960x500.jpg?token=e2a97d991ba8ed8b502044bb32c7909d

Қарағандыда бұрын мемлекеттік білім гранты бойынша оқыған магистрнт мемлекет жұмсаған қаражатты қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Қаржы орталығы» сотқа жүгініп, жауапкерден мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға жұмсалған 528 мың теңге және 409 849 теңге көлемінде айыппұл өндіріп беруді сұраған. Талап қоюшының мәліметінше, жас маман грант шарты бойынша міндетті еңбек өтеу талабын толық орындамаған.

Оқуды тәмамдаған соң, жас маман жеке кәсіпкерге (жұмысқа жіберілген. Алайда талапкер оның бұл міндетті толық орындамағанын айтып, сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот «Қаржы орталығының» талабын қанағаттандырудан бас тартқан. Себебі сот шешімінде көрсетілгендей, грант иегері жұмысқа жіберу кезінде жүктілік жағдайында болған, кейін бала дүниеге әкелген.

Алайда бұл шешіммен келіспеген «Қаржы орталығы» апелляциялық шағым түсірген.

Нәтижесінде, апелляциялық сот алқасы бірінші инстанция шешімінің күшін жойып, жаңа шешім қабылдады.

Сот «Қаржы орталығының» талабын қанағаттандырып, жауапкерден мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға жұмсалған шығын мен айыппұлды өндіру туралы шешім шығарды.

评论