Қазіргі президентпен кездескен соң. Жақтастары экс-президентті түрмеге шығарып салды

1102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UDnkkqFxsdMZs2wWdeWgP9oPnhVJxkiYhRQrfdvd.jpg

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сайлау науқаны кезінде заңсыз қаржыландыру ісі бойынша сот үкіміне сәйкес Париждегі Ла-Санте түрмесіне жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот 2007 жылғы президенттік сайлау кезінде Саркози Ливия билігінен заңсыз қаржылай көмек алғанын анықтаған. Экс-президент 5 жылға бас бостандығынан айырылды, 100 мың еуро айыппұл төлейді және 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

70 жастағы саясаткер үкіммен келіспейтінін айтып, оны «қателік әрі Франция үшін қорлау» деп атады. 

Экс-президентті түрмеге әйелі, әйгілі модель және әнші Карла Бруни мен адвокаты шығарып салды. Оның үйінің алдында жиналған тұрғындар «Николя, тезірек орал!» деген жазуы бар француз жалауларын ұстап, қолдау білдірді.

Саркози түрмеге барар алдында әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялады.

«Бүгін түрмеге бұрынғы президентті емес, жазықсыз адамды отырғызады», — деп жазды ол.

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон Саркозимен жұма күні Елисей сарайында кездескенін растады.

«Бұл – адамгершілік тұрғысынан табиғи әрекет. Мен өзімнің бұрынғы әріптесімді қабылдадым», — деді Макрон BFMTV телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетсек, Николя Саркози 2007–2012 жылдары Франция президенті болған. Ол миграция мәселелерінде қатаң ұстанымымен танылған. 

Францияның экс-президенті Ол 2007 жылғы сайлау науқанын Ливия режимінен заңсыз қаржыландыру ісі бойынша қылмыстық сөз байласуға кінәлі деп танылғаны туралы хабарлаған едік.

评论