Ел тарихында алғаш рет әйел адам премьер-министр болып тағайындалды

994
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/A7klVSx4FPXylrs0WBcpiD8Ug1crtLO53TaYgDiE.jpg

Жапонияның жаңа премьер-министрі болып Санаэ Такаити тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

21 қазан күні Жапония парламентінің төменгі палатасында өткен сайлау нәтижесінде 64 жастағы Санаэ Такаити елдің жаңа үкімет басшысы атанды. Ол парламенттегі 465 депутаттың 237-сінің қолдауына ие болды.

Такаити билеуші Либерал-демократиялық партияны (ЛДП) басқарып, Жапония тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр мәртебесіне ие болды.

Консервативті көзқарасымен танылған саясаткер бұған дейін ішкі істер және коммуникациялар министрі қызметін атқарған.

评论