Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтату туралы келісімге төрт ел қол қойды

1532
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZL3W7gK2UASc616VzQcFEDWiPGboPnzn3pfe8fCq.webp

Газа секторында соғысты тоқтату туралы келісімге АҚШ, Қатар, Египет және Түркия қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресми қол қою рәсімі Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласында өтті. Іс-шараға АҚШ президенті Дональд Трамп, Египет басшысы Абдель Фаттах ас-Сиси, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған және Катар әмірі Тамим бин Хамад әл Тани қатысты.

Трамп бұл келісімді «Бүкіл Таяу Шығыс үшін жаңа бастау» деп атады.

«Біз бүгін атап өтіп отырған бұл тарихи қадам — Газа соғысының аяқталуы ғана емес. Бұл — террор жолынан түбегейлі бас тартқан жаңа, тұрақты және біртұтас өңірдің бастауы», — деді ол Reuters агенттігіне берген мәлімдемесінде.

Келісімнің алғашқы кезеңінде ХАМАС израильдік тұтқындарды босатып, ал Израиль палестиналық тұтқындарды босатқан. Құжатта бейбітшілік орнатуға қатысты 20 нақты тармақ көрсетілген. Қазіргі таңда келісімнің екінші кезеңіне дайындық жүріп жатыр.

Саммитке ондаған елдің көшбасшылары қатысты. Олардың қатарында Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьері Кир Стармер, Италия премьері Джорджа Мелони, Палестина президенті Махмуд Аббас, Иордания королі Абдулла II, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьері Никол Пашинян болды.

Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС өкілдері саммитке қатысқан жоқ. Дегенмен Трамп Египетке келмес бұрын Израиль премьері Биньямин Нетаньяхумен кездесіп, оны қол қою рәсіміне шақырған. Алайда ол еврей мерекесінің басталуына байланысты қатыса алмайтынын айтқан.

相关新闻

评论
相关新闻