Жылжымалы медициналық кешен Ұлытау облысы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде

784
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QX3F1EcylklqyAZAzFH8hq1Fhzyy8YjFSjqzyL1z.jpg

🔹 Бесінші жыл бойы Ұлытау облысының шалғайдағы елді мекендеріндегі ауыл тұрғындарына заманауи автобус - жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетуде. Кешен 2020 жылы  алынған,  сол жылы Жаңаарқа аудандық көпсалалы орталық ауруханасына берілген.

Мобильді медициналық орталықта 7 түрлі қызмет көретіледі, олардың ішінде рентген, ультрадыбыстық зерттеу, ЭКГ түсіру, гинекологиялық тексеру, қант деңгейіне диагностика жасау қызметтері бар, сонымен қатар гинеколог, хирург, окулист, лор,  басқа да әртүрлі талдамалар жасайтын лабораннтар да осында табылады. 

Онда мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалардың келіп қаралуына жағдай жасалған. Жақын арада кешен қызмет көрсеткен Ералиев ауылының өзінде 214 зейнеткер тұрады, 311 бала мектепте оқиды. 

⚫️Ағымдағы жылы сәуірдан бастап, маусым маусым айының аяғына дейін кешен Жаңаарқа ауданының 12000-ға жуық тұрғыны бар барлық 20 елді мекені қамтыды. Олардың әрқайсысында 30-дан 2000-ға дейін адам тұрады. Елді мекендердің ең жақыны аудан орталығынан 5 км, ал ең алысы 240 км қашықтықта орналасқан. 

✅Медициналық қызметке қадамдық қол жетімділікті қамтамасыз ететін (тұрғылықты жерден алысқа бару қажеттілігі болмайды) аталаған көмек түрі ауыл тұрғындарына деген үлкен қолдау болып табылады. 

👉Сонымен қатар 2025 жылдың шілде айынан бастап жылжымалы медициналық кешен облыстың Ұлытау ауданы тұрғындары үшін де осындай қызмет көрсетеді (13 елді мекендер, халық саны - 1243 адам).

评论
其他材料