Такси айдаған ана және үнсіз қоғам

1697
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iyS1hTEBZaC2waWfrtDPJC5ahDo13FhgIvSXNLuI.jpg

Жүрегім түршікті! Оңай түршікпейтін, мына қоғамның иттігіне селт етпейтін жағдайға жеткен едім.

Мынау ел тізгінін ұстап отырған ерден бастап, күллі ермін деген жігітке сынақ қой. Көшеде қазақ қайыршылар, кез келген жерде көмек сұраған қазақ әйелдері.

Енді бүгін такси ұстасам, бес айлық баласын алдыңғы орынға жайғастырып, өзі такси болып жүрген жап-жас келіншек! Масқара ғой мынау!

Отыз жылда ен байлықтың үстінде отырып елін тоз-тоз қылған биліктен не үміт, не қайыр? Соны талап ете алмаған бізден не қайыр?

Қанағат Әбілқайыр

评论