Қазақстан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша дәйекті саясат жүргізіп келеді

610
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NYPO6NI9eDnvFKrj42e3A6qiQXlGPxqf73QUyzOi.jpg

2025 жылғы 6–17 қазан аралығында Польшаның Варшава қаласында ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының адам өлшемі жөніндегі конференциясы өтіп жатыр.

Іс-шара аясында адам құқықтары саласындағы заңнаманы реформалау бойынша ілгерілеу мәселелері талқылануда. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жүйелі шаралар туралы баяндамалар ұсынылды.

2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының «Әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-VIII Заңы қабылданды. Бұл заңда Отбасыны қолдау орталықтарының функциялары бекітілген.

Заң күшіне енгеннен кейін мұндай орталықтардың санының өсуінде оң динамика байқалады.

Мәселен, өткен жылдың маусымынан биылғы маусымға дейін коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде ашылған орталықтардың саны 33-тен 131-ге дейін артқан.

2025–2027 жылдары олардың санын 208-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Аталған тақырып бойынша баяндамашы – Ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсының атқарушы директоры Динара Есімова былай деді:

«Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ауқымы, түрлері мен факторларын талдау институционалдық ілгерілеуді, қоғамдық өзгерістерді және осы саладағы мемлекеттік саясат шараларының дамуын көрсететін бірқатар оң үрдістерді айқындайды.

2024 жылы бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар (соның ішінде ұрып-соғу және жеңіл дәрежеде дене жарақатын салу) қылмыстық санатқа ауыстырылған заңнамалық реформа жүргізілді. Нәтижесінде құқық бұзушылықтарды анықтау деңгейі артты.

Ұлттық баяндама нәтижесінде алынған социологиялық деректер халықтың жоғары хабардарлығын көрсетеді: сауалнамаға қатысушылардың 59,3%-ы заңның қабылданғанын біледі. Бұл қоғамның осы мәселеге өсіп келе жатқан назарын және қорғау шараларына жүгіну деңгейінің артуын дәлелдейді».

评论