Тоқаев президент ретінде Ресей басшысын алтыншы рет туған күнімен құттықтады

1338
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zZ76k7CJKCbKUZFN0EVKu3Pq8A2EaYP1GjxfxUmH.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, тату көршілік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады. Мемлекет басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың нақты аспектілеріне ерекше назар аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге берік денсаулық, табыс және Ресей халқының игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тіледі.

Владимир Путин 1952 жылдың 7 қазанында дүниеге келген. Биыл  73-ке толды.

Ол 2000 жылдан бастап, арасында аз ғана үзіліспен Ресей президенті қызметінен кеткен емес. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдан бері президент.

评论