Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашты

1076
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uoB7bx8Sfg0K5aUPvylLe6QCCIBswyTsKNl5biij.jpg

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасының ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Зертхана ЭКСПО аумағындағы Alem AI орталығында орналасқан.

«Бір жыл бұрын Қазақстанда алғашқы өңірлік кеңсемізді аштық, енді соның нәтижелерін көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Бүгін Alem AI зертханасын ашатынымызды зор мақтанышпен айтамын. Алғашқы жоба Telegram мен Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан суперкомпьютерлік кластерінің бірлескен жұмысы болмақ. Аталған технология миллиардтаған адамға ЖИ функциясын құпиясын сақтай отырып, таза және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстандық суперкомпьютер кластері осы желі үшін есептеу қуатының бірінші ірі жеткізушісі болады деп үміттенеміз»,–деді ол халықаралық Digital Bridge 2025форумының пленарлық отырысында.

评论
其他材料