Қарағандыдағы полицияның тірек пунктерінің бірінен әйел адамның мәйіті табылды. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей қызметкері де болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Облыстық полиция департаменті азаматшаның денесінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ер адам медициналық мекемеге жеткізілген.
«Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы мен әйелдің өлім себебі анықталып жатыр. Объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, сондай-ақ қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық іс-әрекет мұқият тексеріліп, кінәлі тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылады»,–делінген хабарламада.
相关新闻