Алматыда тау өртеніп жатыр

873
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/h6DnlhtWROeK3CNv6qrWnnrm2TstP4chJA301Ytj.jpg

Алматы қаласы Бостандық ауданы Ерменсай ықшам ауданындағы тау бөктерінде құрғақ шөптен шыққан өртті ТЖМ қызметкерлері сөндіріп жатыр, деп хабарлайды “Адырна”.

Куәгерлердің сөзінше, әл-Фараби даңғылынан жоғары Алматының тау бөктерінде қызыл жалын байқалады.

"Бостандық ауданында 26 қыркүйекте сағат 18:43-те өрт сөндірушілер жасағы шағын ауданға аттанды. Бостандық ауданының Ерменсай тауының баурайында қураған шөптер өртенгені белгілі болды. ТЖД бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде тау бөктеріндегі құрғақ шөптің өрті қысқа мерзімде толық сөндірілді. Өрттің алдын ала ауданы 2 гектарды құрады. Зардап шеккендер жоқ", деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

评论