"Тарихи келісім". Трамп Қазақстан басшысын құттықтады

1539
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RMdj8OxIuUTflNuOvzUuGqDo8t8Y0pSdhcGbf5d3.png

АҚШ президенті Қазақстан Президентін америкалық локомотивтер мен теміржол жабдықтарын сатып алу жөніндегі тарихи келісіммен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Келісім құны – $4 млрд.

Трамп өзінің X-тегі парақшасында Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін айтып, бұл келісімді «АҚШ тарихындағы ең ірі мәміле» деп атады.

«Қазақстан америкалық локомотивтер мен теміржол техникасын сатып алуға келісім жасады. Бұл біздің теміржол саласын қолдауға үлкен серпін береді. Президент Тоқаевты осындай ауқымды қадамымен құттықтаймын. Әлем сенімді теміржолдар арқылы дамыды, енді бұл сала қайта жандануда», – деді Трамп.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Украина басшысымен кездескені туралы хабарлаған едік.

评论