Әке қазасы. Қарағандыда қарсы жолға шыққан әйелдің жазасы жеңілдетілді

1551
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dPUx7F6zR6oeBpKM66i6gwgUPifeqEAOxAxPPgHR.webp

Қарағандыда туған әкесінің қазасы жайлы хабар алған сәтте көлігімен қарсы жолға шығып кеткен әйелдің ісіне қатысты сот үкімі өзгертілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәліметке сүйенсек, Қарағанды қаласының тұрғыны Volkswagen көлігін басқарып келе жатып, Тәттімбет көшесінде жол белгісін сақтамай, қарсы бағытқа өтіп кеткен. Әйел сотта сол сәтте әпкесінен әкесінің қайтыс болғанын естігенін, абдырап, көліктің сол жақ дөңгелектерімен жол сызығын басып кеткенін, бірақ кейін қайта өз жолағына түскенін түсіндірді. Ол әкесінің өлімі туралы куәлікті де ұсынған.

Сот видеожазбаны зерттеп, көліктің қарсы жолға шығып кеткенін, бірақ бірден өз бағытына оралғанын анықтады. Әйелдің әрекетінде әдейі қарсы жолға шығу ниеті болмағаны ескеріліп, істің бабы өзгертілді.

Нәтижесінде оның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі емес, 601-бабы 1-бөлігі бойынша (“Жол сызықтарының талаптарын сақтамау”) сараланды. 9 қыркүйекте шыққан сот қаулысымен әйелге 3 АЕК көлемінде (11 796 теңге) айыппұл салынды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

评论
其他材料