Тұрсын Алагөзов «Қайрат» «Реал Мадридті» жеңсе, ойыншылардың бәріне көлік сыйлайтынын айтты

1582
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/epOGkF0PyFo3TqPvsSzbQBaxvoP0aObv4JmtkgwM.jpg

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридті» жеңсе, барлық ойыншыға автокөлік сыйға тартатынын мәлімдеді. Оның бұл жайында айтқан видеосын жұбайы Баян Алагөзова Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

«10 күннен кейін сүйікті «Қайратымыз» «Реалмен» ойнайды. Сондықтан республиканың патриоты ретінде туған күнім қарсаңында «Қайрат» жеңсе, барлық ойыншыға автокөлік мінгізуге уәде беремін. Алматы әлемнің астанасы, «Қайрат» чемпион!», — деді Тұрсын Алагөзов.

Еске сала кетейік, Алматының «Қайрат» футбол клубы 2025 жылдың 30 қыркүйегінде аты аңызға айналған «Реал Мадридті» өз алаңында қабылдайды.

评论
其他材料