Қазақстандықтар бірнеше жерде бірдей жұмыс істей алмайды

779
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zFt3CWBVv5hsZGzPSWmp7UGUzOPNfuFDUvwjqcdl.jpg

Қазақстандықтардың бірнеше жерде толық жүктемемен еңбек етуіне тыйым салынбақ. Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, Еңбек кодексіне сәйкес азамат бір ғана мекемеде толық жұмыс күнімен еңбек ете алады. Қазір бюджеттік салада заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Анафиннің сөзінше, жұмыспен қамту деректері бірыңғай еңбек кітапшалары жүйесі арқылы сараланып, бірнеше ұйымға толық жүктемемен тіркелген қызметкерлер анықталған. Мұндай жағдайлар еңбек инспекциясына жолданады.

Журналистердің «Мұндай қызметкерлер жұмыстан босатыла ма?» деген сұрағына ол: «Иә, бірнеше лауазымда толық уақытпен еңбек ету заңға сәйкес рұқсат етілмейді», – деп жауап берді.

评论