Электросамокаттарды пайдалану ережелері қатаңдатылмақ

592
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SQwDPmWahIV1fnKGZ9gGlW7aVpwielM1fWR4jv6Q.jpg

15 қыркүйек күні Үкімет отырысында Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха елде электросамокаттарды пайдалану тәртібін қатаңдату жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның сөзінше, жыл басынан бері электросамокаттардың қатысуымен 361 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 365 адам жарақат алған, бір адам көз жұмған.

Вице-министр тротуарда жүруге тыйым салуды көздейтін жаңа түзетулер әзірленгенін айтты. Бұл ұсыныс былтыр да көтерілген, алайда қолдау таппаған.

Сондай-ақ  компанияларға міндеттер жүктеу және әкімдіктерге олардың қызметін реттеуге құқық беру ұсынылмақ.

«Әкім белгілі бір көшеде немесе уақыт аралығында электросамокатпен жүруге рұқсат етіп не тыйым сала алады. Бұл – тиімді шара, біз оны қайта ұсынып отырмыз», – деді Игорь Лепеха.

评论