30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін. “Қайрат” матчтарының билет бағасы белгілі болды

1935
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cQmNND5mHNyvQBjecFKUcxzbG4jbkeruhHgmnyxm.png

"Қайрат" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңында өтетін матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Клубтың дерегінше, билеттер сатылымы 23 қыркүйектен басталады. Ал билеттердің бастапқы бағасы 30 000 теңгеден басталып, 250 000 теңгеге дейін жетеді.

Айта кету керек, әр матчқа бір жанкүйер тек екі билеттен ғана сатып ала алады.

Бұл ретте сатып алушының паспорттық деректері көрсетіліп, Алматының Орталық стадионына кіреберісте тексеріледі.

Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда Чемпиондар лигасындағы алғашқы үй кездесуін 30 қыркүйекте өткізеді. Алматыға әлемнің ең атақты клубы – мадридтік «Реал» қонаққа келеді. Өкінішке қарай, бұл ойында «Қайраттың» талантты қақпашысы Темірлан Анарбеков алаңға шыға алмайды. Ол кеше ҚПЛ-2025 аясындағы «Ақтөбеге» қарсы матчта ауыр жарақат алып, белгісіз мерзімге қатардан шықты.

Ал "Қайрат" 16 қыркүйек күні таңертең Португалияға ұшады.  Чемпиондар лигасының бірінші турындағы кездесуін 19 қыркүйекте лиссабондық «Спортингке» қарсы өткізеді.

评论