Парламенттегі құттықтау. Әшімбаев пікір білдірді

1853
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vdeVn93mGwvipmEftqZuT8yLQZwD6tszm4nnoIp2.jpg

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламентте анасын құттықтаған Ардақ Назаровтың әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Журналистер төрағаға «Депутаттың әрекеті орынды болды ма?» деген сұрақ қойды.

«Көрші палатадағы әріптестерімізді талқылау орынсыз болар»,—деп жауап берді ол.

Әшімбаев Сенатта мұндай жағдай болмағанын атап өтті. Алайда ол жиында құттықтаулар мүлде болмайды деп те айта алмайтынын жеткізді.

«Егер бір сенатор анасын қатты жақсы көрсе, кім біледі»,—деді Әшімбаев.

Еске салайық, бұған дейін депутат Ардақ Назаров Парламент отырысында сауал жолдамас бұрын 70-ке толған анасын құттықтаған еді.

评论