ЕАЭО елдері ішінде Қазақстанда жалақының өсуі баяулаған

1273
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pTSPuyiG56CJMpwnRfrafXuKDdkVRdUPEpuhXwUJ.jpg
Қазақстандықтардың нақты жалақысы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдермен салыстырғанда баяу өсіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.
2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында барлық ЕАЭО елдерінде нақты жалақы көтерілгенімен, Қазақстандағы өсім символикалық деңгейде ғана болды.
Ресми дерекке сәйкес, биылғы қаңтар-маусым айларында қазақстандықтардың орташа номиналды айлығы 434,7 мың теңгені құрады. Нақты жалақы (валюталық ауытқуларды ескере отырып) орта есеппен 849 долларды ғана құрап, бар-жоғы 0,3%-ға өскен.
Дәл осы тұста Қырғызстанда нақты жалақы 11,5%-ға, Беларусьте – 11%-ға, Ресейде – 4,1%-ға, Арменияда – 2,4%-ға артқан.
Соған қарамастан, долларлық көрсеткіш бойынша Қазақстан әлі де Ресейден кейінгі екінші орында тұр.
Сарапшылардың айтуынша, жалақы өсімінің тежелуіне биылғы сәуір мен маусым айларында болған валюта бағамының күрт құбылуы себеп болған. Жылдың екінші жартысында да теңгенің шілде-тамыздағы әлсіреуі статистикаға әсер етпек.
评论