"Ұсталды" деген министрдің кәсіпкермен кездесуі туралы бүгін жарияланды

1779
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hSK1zw5GeWO63xDJhyFO4yBD8YtIwxL092Vqwrku.jpg

Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Harvest Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Алмаз Альсеновпен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна". Алайда кездесудің нақты уақыты туралы айтылмаған. 

Тараптар агро-индустриялық кластерді құру барысын талқылады. Алғашқы кезеңде инвестициялық жоба Жетісу мен Алматы облыстарын қамтып, 150 мың гектар шалғайдағы және тыңайған жерлерді суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына айналдыруды көздейді. Жалпы, жобаны жүзеге асыру аясында заманауи су үнемдеу жүйелерін қолдана отырып, 300 мың гектар жерді игеру жоспарланған.

Министр жобаны одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ компанияның Қазақстанның бірқатар өңірлерінде туризм және спорт салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары белгіленді.

СІМ басшысы бұл жобалардың ішкі және кірме туризм үшін, сонымен қатар экономиканы әртараптандыру үшін өсу мүмкіндігіне айналу әлеуеті бар екенін баса айтты.

Айта кетейік, 4 қыркүйекте Orda сайты құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сілтеп, "сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, бизнесмен Гаджи Гаджиев және ҰҚК-ның жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталғанын" жазған еді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жайлы ақпарат "шындыққа сәйкес келмейді" деп мәлімдеді.

Ал мәдениет және ақпарат министрі Балаева Facebook желісіндегі жазбасында мұны "расталмаған ақпарат" деп, жалған ақпарат таратқан үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.

评论