Салалық журналистиканы дамыту жөніндегі комиссия құрылды

1577
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zezBplBgp3dAnKpnX6gWLy67HbWc1MRS5L9MCeu6.jpg

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен елімізде салалық журналистиканы дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Тиісті бұйрыққа министр Аида Балаева қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Комиссияның негізгі міндеті – Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу, іс-шараларды үйлестіру және сараптамалық қолдау көрсету.

Құрамына түрлі сала мамандары кіретін комиссия отандық БАҚ-та ғылым, экономика, медицина, мәдениет, экология сияқты бағыттар бойынша сапалы контенттің дамуына серпін бермек.

Құжатқа сәйкес, бұйрықтың орындалуын бақылау министрдің вице-министріне жүктелді.

评论