Астана мен Алматыда жанармай бағасы қымбаттауда

1601
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/benzin.jpg

Астана мен Алматы қалаларында жанармай бағасы  қымбаттап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Астанада Qazaq Oil желісінде АИ-92 литрі бұрынғыдай 228 теңге болып қалғанымен,  АИ-95 273-тен 276 теңгеге, ал АИ-98 310-нан 314 теңгеге қымбаттаған.

Ал Gasenergy бекетінде АИ-92 – 227-ден 229 теңгеге, АИ-95 – 279-нан 281 теңгеге көтерілген.  АИ-98 бағасы өзгермей қалды.

Helios жанармай құю станцияларында тек АИ-92-нің бағасы 223 теңгеден 225 теңгеге өссе,  АИ-95 бұрынғы 266 теңге күйінде тұр.

Алматыда да баға көтеріліп келеді.

Қалада АИ-92 орта есеппен 225 теңгеден 226–227 теңгеге жеткен. АИ-95 болса, 288 теңгеден 290 теңгеге өскен. Royal-Petrol бекетінде АИ-92 – 225 теңге, АИ-95 – 285 теңге. Compass желісінде АИ-92 – 226 теңге, АИ-95 – 290 теңге, АИ-98 – 345 теңге болып тұр. Qazaq Oil-да АИ-92 – 227 теңге, АИ-95 – 285 теңге, ал АИ-98 – 319 теңгеге жеткен.

评论
其他材料