Алматы әуежайында өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы белгілі болады

1708
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MTo6v0ejtmL5ih9qrAHYLIo0KQXdfE7KNTNaztZ4.jpg

Алматы халықаралық әуежайында өзін өртеген ер адам ауыр хәлде жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпарат бойынша, ер адам жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

«Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың жағдайы өте ауыр. Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, 25 тамыз күні Алматы әуежайында ішкі рейстер терминалы кассасының жанында ер адам өзін өртеп жіберген. Полицияның ақпаратынша, ер адамның мұндай қадамға баруына сүйіктісімен жанжалдасып қалуы себеп болуы мүмкін.

评论