Алматы облысында тау өртеніп жатыр

1107
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4kpfxORzHhECNVHGOCVQ7THbVYg03h0JT7NONp7v.jpg

22 тамызда Шамалған ауылының маңында, Қарасай ауданының мемлекеттік жер қорының аумағындағы таулы жерде шамамен 10 гектар аумақта құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, жергілікті жерде іс-қимылды үйлестіру үшін жедел штаб ұйымдастырылды.

"Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, 28237 әскери бөлімінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы 81 адам және 12 бірлік техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда", делінген хабарламада.

Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөмірлеріне қоңырау шалуға шақырады.

评论