"Орысша сөйлемедің". Алматыда жолаушы мен жүргізуші арасында жанжал шықты

931
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/84HmpCDcoyLnWmzl1oZKQO8h7y0VEf5o0SPaLdbU.jpg

Алматыда автобус ішінде тіл дауына байланысты жанжал шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушы жүргізушіге қазақ тілінде жауап бергені үшін дауыс көтеріп, жанжал шығарғаны анық көрінеді. Алайда салондағы басқа жолаушылар жүргізушіні қолдап шыққан.

Куәгердің айтуынша, ер адам жүргізушінің орысша емес, қазақша жауап беруіне наразы болған.

«Жолаушы жүргізушіге орысша сөйлемегені үшін ұрысты. Қалғандары жүргізушіні қорғап шықты – қауіпсіздік бәрінен маңызды», – делінген бейнежазба авторының жазбасында.

Оқиға қоғамда үлкен талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі жолаушының әрекетін тілдік өктемдік деп бағалап, сынға алды. 

评论