Қазақстанға Starlink интернеті келді

1540
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jUmXNHmqtvFXDleFq8WRYGPxaOE0bwQsVCoPYF56.webp

13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстанда ресми түрде спутниктік интернет қызметін ұсына бастайды. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

«2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптарды орындауды қамтиды. Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді»,—делінген хабарламада.

 

评论