Тыңшылық күдігіне іліккен. Польшада Қазақстан әскери атташесінің көмекшісі қамауға алынғаны айтылды
Тыңшылық күдігіне іліккен. Польшада Қазақстан әскери атташесінің көмекшісі қамауға алынғаны айтылды
11.08.2025
1989
Польшада Қазақстанның әскери атташесінің көмекшісі тыңшылық ісі бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Польшада Украинадағы ҚР елшілігінің әскери атташесінің көмекшісі тыңшылық үшін қамауға алынды», – деп жазды агенттік.
Бұл ақпаратқа қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі әлі ресми мәлімдеме жасамады.