Ресейсіз, Ақ үйдегі мәміле. Әлиев пен Пашинян бейбіт қатынас құжатына қол қойды

1711
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rcu5mTUyt2RjOxXws2OFID4fgqaBkCMfzGcCeDse.jpg

Армения мен Әзербайжан Вашингтонда бейбітшілік декларациясына қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Армения мен Әзербайжан көшбасшылары АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен Вашингтонда кездесті. Ел басшылары бейбіт қарым-қатынастар туралы құжатқа қол қойды.

Декларацияда тараптар бұған дейін келісілген бейбітшілік келісімін қол қою және ратификациялау қажеттігін мойындады.

Вашингтонда екі елдің сыртқы істер министрлері келісім мәтінін парафирледі, яғни оның мазмұнын ресми түрде мақұлдады.

Құжатта аймақта коммуникацияларды ашу, сондай-ақ Әзербайжанның негізгі аумағы мен Нахичевань эксклавын Армения аумағы арқылы, Иран шекарасына жақын жерде байланыстыратын көлік дәлізін құрудың маңызы атап өтілген.

Тараптар бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және нығайту үшін қосымша қадамдар жасауға келісті.

Желіде кездесудің бейнесі тарады. Бейнеде Әзербайжан президенті Әлиев құжатты қисық ұстап алғаны, ал Армения басшысы Пашинянның құжатты бірнеше рет қисық ұстап, түзегені анық байқалған. 

Picture background

相关新闻

评论
相关新闻