Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таиландтағы елшісін тағайындады. Бұл туралы бүгін, 7 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болып тағайындалды»,—делінген хабарламада.
Бұған дейін Марғұлан Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің басшысы, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылған еді.