«Қазақстан тарихының» академиялық басылымы жарыққа шығады

1949
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wDG2Iwz1bhnTICNteWZtHtN0RHHN0Hv3BOd3YHoA.jpg

«Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты көптомдық еңбектің бірінші томының қолжазбасы бекітіліп, басып шығаруға әзірлеу жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин желідегі парақшасында Қазақстан тарихының академиялық басылымына арналған редакциялық алқаның кезекті отырысы өткенін жазды.

Жиында жалпы дауыс беру арқылы ел тарихына қатысты еңбектің алғашқы томдығы бекітілгені хабарланды.

Сондай-ақ Түркі дәуіріне арналған екінші томның мазмұны талқыланды. Авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, академик Болат Көмеков баяндама жасап, негізгі тұжырымдар мен ғылыми әдістемелерге тоқталды.

Жобаға еліміздің белгілі тарихшылары мен ғалымдары тартылған. Атап айтқанда, тарих ғылымдарының докторлары, академиктер Мәмбет Қойгелдиев, Оразақ Смағұлов, Еркін Әбіл, Айболат Көшкімбаев, Галина Ксенжик өз рецензияларын ұсынып, маңызды ғылыми пікірлер айтты.

Сонымен қатар, жобаның редакциялық алқасының мүшелері Меруерт Әбусейітова, Бүркітбай Аяған, Айгүл Сәдуақасова, Жақсылық Сәбитов, Радик Темірғалиев, Дихан Қамзабекұлы, Ақан Оңғар, Күлғазира Балтабаева, Нұрсан Әлімбай, Зиябек Қабылдинов, Жәкен Таймағамбетов өз ойларын ортаға салды.

Жиын қорытындысы бойынша, екінші томды жетілдіру жұмыстарын жалғастыру ұсынылды. Сонымен қатар келесі отырыста ортағасырлық кезеңге арналған үшінші томы қаралатын болды.

评论
其他材料