Ұлытау облысында Тасбұлақ демалыс орны ашылды

2038
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jhFya8gTVim89IprOztVR2OGaySPZ73hQ3R0cwes.jpg

Ұлытау ауданында «Тасбұлақ» демалыс орны ресми түрде пайдалануға берілді.  Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров қатысып, нысанның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, мұндай ерекше демалыс орнының маңыздылығын атап өтіп, аудан тұрғындары мен қонақтары үшін таптырмас демалыс орны болатындығын жеткізді.

Демалыс орнының аумағы - 600 шаршы метрден астам. Аталған орында жасыл желектер, ағаштар отырғызылып, толық абаттандырылған. Сондай-ақ Ұлытаудың тарихын айқындайтын белгі тас орнатылған.

评论