Димаш Құдайберген Мексикада жеке концертін өткізбек

1676
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/dimash-1-960x500.jpg?token=f67d2d81c78d889f46b44db2402c865d

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Латын Америкада үлкен жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

“Stranger” атты шоу-концерт 2025 жылғы 8 қазанда Мексика астанасы Мехикода өтеді. Шара Мексиканың ең танымал және маңызды концерт залдарының бірі — Auditorio Nacional-да ұйымдастырылады.

Бұл жаңалықты Димаштың тыңдармандары зор қуанышпен қарсы алды. Әлеуметтік желілерде олар өз қуаныштарымен бөлісуде.

Еске сала кетейік, жақында Димаш Қырғызстандағы IV “Мейкин Азия” халықаралық музыкалық фестиваліне қатысты. Сол жерде оған “Қырғызстанның халық әртісі” атағы берілді.

评论